«БІЛІМ –ҒЫЛЫМ НЕГІЗІ, ҒЫЛЫМ – ӨРКЕНДЕУ КЕПІЛІ» ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ – ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2018 жылдың 6 желтоқсан күні  Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес, Атырау инженерлік –гуманитарлық  институты колледжінің базасында «Білім –ғылым негізі,ғылым – өркендеу кепілі»  тақырыбындағы  студенттердің  облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты:  студенттерді заманауи ғылымның маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде атсалысуға тарту және ғылыми білім беру кеңістігін дамыту, сондай-ақ студенттердің өзара шығармашылық байланыс орнатуларына, өзара тәжірибе алмасуларына ықпал жасау болып табылады.

Шарада «Жас өнертапқыштар» көрмесі ұйымдастырылып, студенттердің  ғылыми- жоба жұмыстары  қорғалды.

Конференция жұмысы «Математика және ғылыми  -техникалық  прогресс», «Күн энергиясы, Жел энергиясы, Жасыл энергетиканы  пайдалану»,  «Цифрлық технология – бүгінгі заман талабы»,  «Экология саласындағы  ғылым мен білімнің заманауи үрдістері»  тақырыптарындағы төрт секция бойынша жүргізілді.

Жиын  барысында конференцияға қатысушылар  арасында математика ғылымының өзіндік ерекшелігі мен дамуы, Қазақстандағы балама энергия көздері болып саналатын жел, күн энергиясын  қолдану, пайдалану және жаңармалы қуат көзі- жасыл энергияның тиімділігі, бүгінгі заманның талабы болып отырған цифрлық технологияны енгізудің маңыздылығы мен қолданылуы, күн тәртібіндегі  экология проблемасы  мен  табиғатты  қорғау туралы  мәселелер жан –жақты талқыланып, студент жастардың тың пікірлері ортаға салынды. Конференция қорытындысында ұсыныстар беріліп,  марапаттар табыс етілді.