ОБЛЫСТЫҚ «ЖАС ГЕОГРАФ» БАЙҚАУЫ

Атырау облысы Білім беру басқармасының  Әдістемелік орталығы 2018 жылдың 30 қараша күні жалпы білім беретін мектептердің 9 – 11 сынып оқушылары арасында   облыстық «Жас географ» байқауын   Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің география кафедрасының базасында  өткізді.

Облыстық конкурсты Әдістемелік орталық әдіскері Ситалиев Асылбек және География, туризм су ресурсы кафедрасы оқытушыларымен бірлесе отырып ұйымдастырды.  Конкурсқа облыстың 7 ауданынан және Атырау қаласынан 12 команда қатысты. Ол тестілік сұрақтарды орындау және практикалық тапсырмаларды шешу түрінде өтті. Ережеге сәйкес 9-11 сынып оқушылары аудандық және қалалық жарыстардың жеңімпаздары, яғни үздік шеберлері қатысты. Биылғы жылы конкурсқа  36 оқушы – 36 география пәні мұғалімдері қатысты.

Байқаудың мақсаты: оқушыларға географиялық ойлауды, олардың танымдық белсенділігін және шығармашылық қызметін дамытуға және облыстық,республикалық олимпиадаға оқушыларды дайындауға мүмкіндік береді. Конкурсқа қатысу балалардың жердің көп қырлы келбетін зерттеуге қызығушылығын тудырады. Конкурсқа дайындық барысында оқушылар тек оқулықтар мен атлас карталарымен ғана емес, танымал ғылыми-анықтамалық әдебиеттерімен, сондай-ақ статистикалық материалдармен жұмыс жасай отырып, өз көзқарастарын білдіруге үйренді және географиялық мәселелерді шешті.

Теориялық сұрақтарды шешуде және практикалық тапсырмаларға жауап беру кезінде оқушылар көзқарастарын ұсынып, дәлелдей алды. Бұл жарыс қатысушыларға белгілі фактілерді жинақтап, географияның әр түрлі бағыттарынан алынған білімдерді пайдалануды талап етті. Қатысушылар барлық тапсырмалар бойынша жақсы жұмыс жасап, өздерінің аудандары мен мектептерін жақсы дәрежеде көрсете білді. Жас географ сайысы тек іс-шара ғана емес, география үшін өз білімін көрсететін үлкен мереке болды.

Бұл байқауға әділ қазылар мүшелері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары г.ғ.к. Нургалиева Гүлшат Жалғабайқызы, п.ғ.к. Баймукашева Ғайни Қонысбайқызы қатысушылардың жауаптарын сараптап, теориялық білімдерінің практика жүзінде қолданылуын бағалады.

Байқау нәтижелерін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әкімшілік департамент директоры Жумагазиев Арман Закарияевичтің төрағалығымен бір ауыздан 9 сынып арасында 1-ші орынды Қызылқоға ауданы Кенбай орта мектебінің оқушысы Тезекбаева Мөлдір иеленді. Ал 10-11 сынып оқушылары арасында «Білім-инновация» облыстық лицей интернатынан қатысқан Нурмаганбет Асқарбек және Ордабай Мадиярға тең келер ешкім болмады. Жалпы қатысушылар арасында 2ші және 3ші дәрежелі орындарға өз білімдерімен көзге түскен Қызылқоға, Жылыой және Исатай аудандарының оқушылары болды. Байқауға қатысу арқылы оқушылар география пәнін жай ғана мектеп пәні ретінде ғана емес, ауқымды ғылым саласы ретінде қабылдады. Көптеген оқущылар өз мамандықтарын тандай білді. Сондай-ақ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне түсуге қызығушылықтары артты.