«ҮЗДІК МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ – 2018»ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2018 жыл 19 қазан күні  №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназиясы базасында «Үздік математика пәні мұғалімі – 2018» облыстық байқауы болып өтті.

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтерді анықтау, қолдау және  марапаттау мақсатында өткен облыстық байқауға жалпы орта білім беретін мектепте, мектеп-лицейде, мектеп-гимназияда жұмыс жасайтын 12 математика пәні мұғалімдері қатысты.

Байқау үш айналымда өткізілді: Іші айналым күрделілігі жоғары есептер шығару (40 минут),

ІІші айналым тест  тапсырмаларын орындау (40 минут),

ІІІші айналым билет арқылы анықталған тақырып бойынша сабақ жүргізу (8-10 минуттан)

Байқаудың қорытындысы бойынша Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының І дәрежелі дипломымен Атырау қалалық лицейінің математика пәні мұғалімі Шанина Жанар, ІI дәрежелі дипломымен Облыстық дарынды балалар мектеп интернатының математика пәні мұғалімі Мустафина Нургуль және Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының математика пәнімұғалімі Асанова Гулзат, ІІІ дәрежелі дипломмен Жылыой ауданы №18 М.Сатыбалдиев атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Балықбаева Гүлсара, Қызылқоға ауданы Б.Аманшин атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Сармуханова Рузия, Атырау қаласы №24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Есенгалиева Жансая, Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Айтқалиева Алтынгүл марапатталды және қатысқан барлық мұғалімдерге сертификаттар табыс етілді.