«Үлгілі пән кабинеті» байқауының Е Р Е Ж Е С І

І. Жалпы ереже

Ұсынылған Ереже жалпы білім беру ұйымдарындағы үлгілі кабинет жетекшілері арасындағы облыстық байқаудың өту тәртібі мен ұйымдастыру жұмыстарын анықтайды. Қатысушылар санаты: пән кабинеттерінің жетекшілері. Байқаудың өту формасы:  сырттай.

ІІ. Байқаудың мақсаты:

– оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін жоғарылатудағы оқу және жұмыс кабинеттерінің рөлін арттыру;

– өз пәніне арналған оқу кабинетін немесе жұмыс аймағын сауатты, талапқа сай ұйымдастыра алатын педагогтарды анықтау;

– заманауи талапқа сай кабинетті айқындау.

ІІІ. Оқу кабинеттерінің арасындағы байқауда қойылатын негізгі талаптар

Кабинеттің жұмысына қажетті нормативтік құжаттамасының болуы:

  • көрнекі материалдардың техникалық құрал, оқулықтарды, әдістемелік құралдар, Заңдар мен Жолдаулар, дидактикалық материалдар және т.б. бар жабдықты нұсқау арқылы рәсімделген кабинеттің төлқұжаты;
  • оқу кабинетінің оқу жылына және болашаққа арналған жұмыс жоспарлары;
  • кабинеттің жұмыс графигі;
  • оқу кабинетіндегі санитарлық-гигиеналық нормалардың орындалуы;
  • денсаулық сақтауға арналған жағдай жасау;

Оқу кабинетін рәсімдеудегі эстетикалық талаптардың орындалуы:

  • кеңістікті ұтымды ұйымдастырудың орындылығы(оқушылардың және мұғалімнің жұмыс орыны);
  • кабинетті көгалдандыру;
  • тұрақты және ауыспалы оқу-ақпараттық стендтердің (оқу кабинетінің жұмыс жоспары бойынша) және т.б. материалдардың болуы.

Кабинеттің оқу-әдістемелік қамтамасыз етуіне қойылатын талаптар:

  • Жалпы білім беру бағдарламаларын орындауға арналған пән бойынша әдістемелік құралдар кешенімен, оқу құралдарымен, әдістемеліктермен оқу кабинетінің жабдықталуы;
  • оқушыларға олардың оқу қызметін, үй жұмысын орындау мен дайындауға және әр түрлі оқу-таным қызмет формаларын (семинар, тестілеу, әңгімелесу және т.б.) жасауға арналған әдістемелік нұсқаулардың бар болуы;

– пәнге арналған дидактикалық материалдарды жүйелеу (материалдардың сапасы және іздеуге ыңғайлылығы бағаланады);

  1. Мұғалімдерге және оқушыларға арналған кітапханалар.

Кабинеттің материалдық-техникалық жарақтандырылуына қойылатын талаптар:

  • Талаптарға сәйкес оқу кабинеті келесідей жабдықталуы тиіс;
  • сынып тақтасымен; оқушылардың жұмыс орны; мұғалімнің жұмыс орны; оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру және білім тексеруге қажетті тапсырмалары бар тартпа және дидактикалық материалдар жиынтығымен;
  • пән бойынша кітапхана және оған арналған библиографиялық картотекамен;
  • оқу-әдістемелік құралдар жиынтығы; пән бойынша жасалған ең үздік шығармашылық және жобалық жұмыстар жиыны; оқу кабинетін пайдалану ережелерімен.
  • Экранды-дыбыстық құралдарды  пайдалануға қажетті құрылғылардың болуы: экран, перделік құрылғы, проекторлық құрылғыны жарықтандыру, видеопроектор,  телевизор (мүмкіндігінше).
  • оқыту программалары бар компьютер.

Әрбір көрсеткіш 5 (бес) балдық жүйемен жүзеге асырылады:

1 – материалдар бар, бірақ қойылған талаптарға сай емес;

2 –  материалдардың кейбірі қойылған талапқа сай емес;

3- 4 – материалдар қойылған талаптарға сай;

5 – материалдар қойылған талаптарға толығымен сай келеді.

ІV. Оқу кабинеттері арасында өткізілген байқауға ұсынылатын материалдар:

  • Байқауға ұсынылған материалдар жоғарыда көрсетілген талаптарға сай POWERPOINT бағдарламасында рәсімделіп ұсынылады.
  • 1 жүлделі орын иеленгендердің тізімі 2016 жылғы 28 қарашаға дейін байқаудың облыстық комиссиясына жіберіледі.
  • Байқау 2016 жылдың қараша айының 29 күні сырттай сараптаумен өткізіледі.
  • Байқауға қатысушылар алдын ала өз жұмыстарының MS WORD та жазылған жобаларының жазба үлгісін тезис түрінде (қысқартылған) Times New Roman шрифтінде, 14 кегль, интервалсыз жібереді. Тақырыбы, қатысушының аты-жөні, қай білім беру ұйымынан екендігі толық жазылуы міндетті.
  • Байқауға тапсырылған материалдар кері қайтарылмайды.
  • Байқауға ұсынылған материалдар бойынша қазылар алқасы жүлделі 1,2,3 орындарды анықтайды.
  • Байқау материалдары orintai69@mail.ru электронды мекен-жайына жіберілуі тиіс.
  • Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағымдар автордың өзіне бағытталады.

 Ұйымдастырушы: Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинеті