«Үздік колледж наркобекті» облыстық байқауының ережесі

 І.Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері:

 –   Жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың адамзат өміріне, қоғамға зиянды әсерлері туралы сауаттылығын арттыру, өмірге деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру мақсатында түсініктерін кеңейту;

–  нашақорлықтың зияны туралы студенттермен жұмыс түрлерін жетілдіре отырып, іс-тәжірибе алмасу, жинақтау;

–  шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 ІІ. Байқаудың өту кезеңі:

 Байқаудың облыстық кезеңі – 14 қазан

Байқауды өткізу үшін ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы құрылады.

Облыстық байқауға білім беру ұйымынан 1 жетекші, 2 студент қатысады.

 ІІІ. Байқаудың талаптары мен шарттары:

         Байқау 4 кезеңнен тұрады:

  1. Афиша (наркобекеттің жоспарын, іс-тәжірибесін қорғау, Уақыты – 5 минут);
  2. «Наркобекеттің 1 күндік жұмыс кестесі» (наркобекеттің 1 күндік жұмысын, өткізген шарасын жан-жақты аша отырып, панорамалық түрде қорғау, Уақыты – 6 минут );  
  3. «Нашақорлыққа қарсы жас режиссерлар» (нашақорлықтың алдын алу, позитивті өмірді насихаттау бағытында өткізген бір шарасынан репортаж немесе бейнеролик (тележоба) дайындап алып келеді, уақыты – 6 минут);
  4. Құжаттар (сырттай) сайысы. Наркобекеттің 2015-2016 жылғы жұмыс құжаттары (папкамен жинақталған). 5 қазанға дейін ұйымдастыру комиссиясына тапсыру қажет.

Байқауға қатысушылардың әр кезең бойынша тақырыпты аша білуі, жоғары дайындығы, білімі мен қабілеттері, шығармашылық ізденімпаздықтары және топ болып жұмыс жасай білуі бағаланады.

 ІV. Байқауға қатысушыларды тіркеу:

Облыстық байқауға қатысушыларды тіркеу үшін облыстық ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттар дайындалып, облыстық әдістемелік кабинетке 10 қазанға дейін жолдануы тиіс.

  • Байқауға қатысуға сұраныс;
  • Қатысушы топ туралы толық мәлімет (студенттердің аты-жөні, тобы, жетекші мұғалімі).

Анықтама телефоны: – 27- 25- 28

Өтетін орны: Атырау аграрлы-техникалық колледжі

 Тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие жұмысы бөлімі

Изтелеуова Зина Керейқызы

8(7122) 27-25-28