«Үздік интернат тәрбиешісі» облыстық байқауының ережесі

І.Жалпы ереже

1.1. Ұсынылған Ереже «Үздік интернат тәрбиешісі» атты облыстық байқаудың өткізу тәртібі мен уақытын айқындайды (бұдан әрі – Байқау).

1.2. Байқау интернаттық мекемелерінің жаңашыл үлгісін анықтауға, озат педагогикалық тәжірибені таратуға, насихаттауға, педагогикалық бастамаларды ынталандыруға және мұғалімдердің беделін көтеруге бағытталған.

ІІІ.Байқауды ұйымдастыру тәртібі

 Байқаудың іріктеу кезеңі:

1-кезең – интернатішілік, аудандық (қалалық) кезең – 2016 жылдың 10 қазанына дейін;  

2-кезең – облыстық  кезең – 2016 жылғы  20 қазанда өткізіледі.

Байқаудың аудандық (қалалық) кезеңдерін аудандық (қалалық) білім беру  бөлімдері ұйымдастырады.

  1. Байқауды ұйымдастыру үшін барлық кезеңдерде педагогикалық кеңеспен, білім беру мекемелерімен бекітілген ұйымдастыру комитеттері мен қазылар алқасы құрылады. Ұйымдастыру комитеттері конкурстың өткізілуі жөніндегі барлық сауалдарды өздері шешеді.
  2. Интернатішілік, аудандық (қалалық) кезеңдер сұрыптау кезеңдері болып табылады.
  3. Облыстық байқауға қатысуға кандидатураны ұсынуды аудандық (қалалық) байқаулар қорытындылары бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдері жүзеге асырады.
  4. Байқаудың тиісті кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне жүктеледі.
  5. Байқауға ұсынылатын материалдар «Үздік тәрбиеші» деген белгімен а.ж.10 қазанына дейін Ұйымдастыру комитетіне жіберілуі қажет. Мекен-жайы: Атырау қаласы, Әйтеке би, 22, байланыс тел.:8(7122) 27-25-28

Байқаудың өтетін орны: С.Қазыбаев атындағы балалар үйі (Авангард, Владимирская, 28)

ІV.Байқауды өткізу тәртібі

  1. Байқауға мектеп-интернаттардың еңбек өтілдері үш жылдан кем емес, өз жұмысында жақсы нәтиже көрсеткен және байқаудың Ұйымдастыру комитетіне уақытынан кешіктірмей өтініш берген тәрбиешілер қатыса алады.
  2. Облыстық Ұйымдастыру комтетіне 10 қазаннан кейін келіп түскен, сондай-ақ, байқау талаптарына сәйкес келмейтін материалдар қаралмайды. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды.
  3. Іріктеу турына қатысу үшін Ұйымдастыру комитетіне мынадай құжаттар алдын ала сырттай бөліміне ұсынылатын құжаттар топтамасы:
  • Тәрбиешінің жеке өтініші;
  • Конкурстың облыстық кезеңіне тәрбиешіні қатысуға ұсыну туралы аудандық (қалалық) ұйымдастыру комитетінің шешімі (облыстық мектептерден – 1, Атырау қаласынан – 1, әр ауданнан – 1 адам);
  • Байқауға қатысушы туралы анықтама-сауалнама;
  • Облыстық білім беру ұйымдарының, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшыларымен қол қойылған, мөрмен расталған мінездеме-ұсыным;
  • Жұмыс тәжірибесін көрсететін материалдар: 1 шығармашылық тәрбиелік жұмысы, басылым өнімдері.
  1. Конкурстың облыстық кезеңін өткізу барысында қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың іс-әрекеттерін келесі критерийлер бойынша бағалайды:
  • педагогтың жаңашылдығы, педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясын білуі;
  • интернат тәрбиеленушілерімен жүргізілетін жұмыс әдістемесін меңгеру деңгейі;
  • педагогикалық ойлаудың ұшқырлығы мен тереңдігі; жеке дара шығармашылық қабілеті;
  • заманауи технологияларды тәрбие үрдісіне енгізуі;
  • тәрбие жұмысының озық педагогикалық тәжірибесін шебер меңгеруі;
  • жеке ізденушілік жұмыстары;
  • кәсіби және жеке дара қасиеттер;
  • ұйымдастырушылық және коммуникативтік сапалар;
  • азаматтық ұстаным;
  • ұлттық құндылықтарды тәрбие жұмысында тиімді қолдану;
  • шығармашылық жұмысты эстетикалық рәсімдеу.

 Облыстық, қалалық/аудандық конкурстың турлары:

1-бөлім: «Педагогикалық тұсаукесер» портфолио таныстырылымы (5 минут)

2-бөлім: «Бүгінгі тәрбиеші – ол қандай?» эссе қорғау (3 минут)

3-бөлім: «Үздік тәрбие үдерісі» (интернат тәрбиеленушілерімен өткізген шарасын панорамалық түрде қорғайды, бейненұсқасы болуы қажет-7 минут)

 Байқаудың қазылар алқасы

         Облыстық «Үздік интернат тәрбиешісі» байқауына төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.

         Қазылар алқасы мүшелері байқауға қатысушылардың кәсіби қабілетін ашатын барлық қырларын зерделеп, сараптайды.

         Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды.

 VIІ. Ұйымдастыру алқасы

         Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру алқасы құрылады. Оның міндетіне барлық ұйымдастыру қызметтерін үйлестіру кіреді. Байқауды өткізудің тәртібін, нысанын, орны мен мерзімін белгілейді, қазылар алқасы мүшелерінің тізімін анықтайды, байқау кезеңдерін ұйымдастыру және оны мазмұнына сәйкес құжаттар дайындайды.

         Ұйымдастыру алқасының құрамы: төраға (төрайым), төрағаның (төрайымның) орынбасары, мүшелерінен құралады.

         Ұйымдастыру комитетінің шешімі тізімдік құрамының жартысынан көбі дауыс берген жағдайда қабылданған болып есептеледі.

         Шешім алқа төрағасының және мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді.

VIІІ.Қорытынды

Байқауға қатысушы жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталады.

 Тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие жұмысы бөлімі

Изтелеуова Зина Керейқызы

8(7122) 27-25-28