«Қазақстан-2050»: нұрлы болашақ» озық әдістемелік идеялар салонын өткізу ЕРЕЖЕСІ

          Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинеті жылдық жұмыс жоспарына сай жағымды, әлеуметтік-құнды педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, кәсіби қарым-қатынастың ашық болуын қамтамасыз ету, педагогикалық мамандықтың мәртебесін арттыру, педагогтардың қызметін ынталандыру мақсатында  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы, «100 нақты қадам» аясында «Қазақстан-2050»: нұрлы болашақ» озық әдістемелік идеялар салоны – педагогикалық идеялар байқауын (әрі қарай –Байқау) жариялайды.  

Қатысушылар категориясы: мектепке дейінгі тәрбие және жалпы орта білім беру, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары.

          Байқаудың бағыттары:

          Байқау 2016 жылдың 6 қазанында келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие;
  2. қосымша білім беру және тәрбие ісі;
  3. техникалық және кәсіптік білім, жалпы орта білім беру: пәндер бойынша секциялар;

           Байқау екі кезеңде өтеді:

–  «Стандарттан тыс сабақ»: мұғалім стандарттан тыс сабақты ұсынады, яғни «стандарттан тыс (белгіленбеген) құрылымнан тұратын суырып салма оқу сабағы» (5 минуттық).

 –  «Әдістемелік идеялар жәрмеңкесі»: байқауға кез-келген әдістемелік идеялар ұсынылуы мүмкін (10 минут).

Ұсынылған әдістемелік идеялардың «100 нақты қадам» аясын қамтуы, жаңашылдыққа бағытталуы, тәжірибеде жүзеге асу мүмкіндігі болуы қажет.

             Байқауға қатысу шарты:

  1. Қала, аудандарда өткен байқау кезеңінде Бас жүлде, І орын (2 адам) алған педагогтар қатысады.
  2. Байқаудың қала, аудандық кезеңдері 25 қыркүйекке дейін өтеді. Сұраныс 26 қыркүйекке дейін orintai69@mail.ru электронды адресіне жолдануы тиіс.
  3. Байқаудың облыстық кезеңі 6 қазанда өтеді.
  4. Байқауға қатысушылар Дипломдармен марапатталады.
  5. Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды.