«Әдістемелік жәрмеңке» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинеті жылдық жұмыс жоспарына сай озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, педагогтардың қызметін ынталандыру мақсатында  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Әдістемелік жәрмеңке» – педагогикалық идеялар байқауын (әрі қарай –Байқау) жариялайды.  Байқаудың өту формасы: сырттай.

Қатысушылар категориясы: мектепке дейінгі тәрбие және жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары.

Байқауға ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар:

  • Байқауға кез-келген әдістемелік идеялар (авторлық бағдарлама, жоба, сабақ үлгілері (жинақ түрінде) ұсынылады;
  • әдістемелік идеялар барлық пәндер бойынша (жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық, эстетикалық бағыттар) қабылданады;

Байқауды өткізу кезеңдері және тәртібі:

  • Байқау 2 кезеңде (қалалық (аудандық), облыстық) өтеді.
  • Қала, аудандарда өткен байқау кезеңінде әр бағыт бойынша І орын (әр бағыттан 1 адам) алған педагогтар қатысады.
  • Байқау 2016 жылдың қараша айының 30 күні сырттай сараптаумен өткізіледі.
  • Байқауға қатысушылар алдын ала өз жұмыстарының MS WORD та жазылған жобаларының жазба үлгісін Times New Roman шрифтінде, 14 кегль, интервалсыз жібереді. Тақырыбы, қатысушының аты-жөні, қай білім беру ұйымынан екендігі толық жазылуы міндетті.
  • Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
  • Байқау материалдары 30 қарашаға дейін orintai69@mail.ru электронды мекен-жайына жіберілуі тиіс.
  • Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағымдар автордың өзіне бағытталады.
  • Байқауға қатысушылар Дипломдармен марапатталады.
  • Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды. 

Ұйымдастырушы: Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинеті КМҚК