«Қазақстан – зайырлы мемлекет» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже 
  • Ұсынылған Ереже пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, кураторлар, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында облыстық байқаудың өту тәртібі мен ұйымдастыру жұмыстарын анықтайды. Байқаудың өту формасы: сырттай.
  • Байқаудың мақсаты: діни экстремизмнің алдын алу, жастардың бойында отаншылдықты, толеранттылықты қалыптастыру, рухани үндестікке тәрбиелеу, педагогтар арасында өзара тәжірибе алмасу, әдістемелік құрал жинақтау.
  • Байқаудың бағыттары:
  1. Әдістемелік сабақтардың жобасы.
  2. Тәрбиелік шаралардың жобасы.

 

  1. Байқаудың қатысушылары 
  • Байқауға барлық типтегі жалпы білім беру ұйымдарының, мектеп-интернаттардың, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары қатысады.
  • Байқаудың ІІ (облыстық) кезеңіне қала, аудандардан І орын (2 бағыт бойынша) иегерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 1 адам қатысады.
  • Байқауға қатысушылардың ұсынған жобасы бірнеше сабақ немесе тәрбиелік шаралардың әдістемелік үлгілерінен тұруы міндетті.
  • Байқауға қатысу тілі: қазақ және орыс.

 Байқауды өткізу кезеңдері және тәртібі 

  • Байқау 2016 жылдың қараша айының 22 күні сырттай сараптаумен өткізіледі.
  • Байқауға қатысушылар алдын ала өз жұмыстарының MS WORD та жазылған жобаларының жазба үлгісін тезис түрінде (қысқартылған) Times New Roman шрифтінде, 14 кегль, интервалсыз жібереді. Тақырыбы, қатысушының аты-жөні, қай білім беру ұйымынан екендігі толық жазылуы міндетті.
  • Байқауға тапсырылған материалдар кері қайтарылмайды.
  • Байқау материалдары 19 қарашаға дейін orintai69@mail.ru электронды мекен-жайына жіберілуі тиіс.
  • Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағымдар автордың өзіне бағытталады.
  • Байқауға қатысушылар екі бағытта марапатталады: әдістемелік сабақ, тәрбиелік шаралар үлгісі.
  • Байқаудың қорытындысында әдістемелік жинақ шығарылады.

 Ұйымдастырушы: Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинеті