«Тарихты білу – тағылымды іс» облыстық байқаудың ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты – қазақ тарихын сүю – қазақ халқын сүю, ұлттық идеяның өзегі ұлт тарихында екендігін жастардың санасына сіңіру, Қазақ елінің тарихын ұлығылау, өскелең ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелеу, мемлекеттік мүддені көздеу, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің мәңгі баянды болуын насихаттау арқылы жастарды Отанын сүюге тәрбиелеу.

Байқауға қатысушылар

Байқауға оқыту тіліне қарамастан мемлекеттік және мемлекеттік емес колледж (студенттер арасында өтеді),  жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназиялардың және облыстық білім мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Байқауды өткізу шарттары

Байқау 3 кезеңнен тұрады:

1-кезең – мектепішілік (колледжішілік)  – 2015 жылдың 7-11 сәуірі аралығында

2-кезең – аудандық (қалалық) -2015 жылдың 13-18 сәуірі аралығында

3-кезең – облыстық – 2014 жылдың 28 сәуірі

Байқау турлары

  1. «Кім жылдам?» (Әр сайыскерге 20 сұрақ қойылады)
    2. «Сен – маған, мен – саған» (Сайыскерлер өзара сұрақтар қояды)
    3. «Қазақ хандары» (Образды сомдау, сұрақтарға жауап беру)
    4. «Туған жер» (Берілген жер-су аттарынан әңгіме құрау)
    5. «Рухани мәдениет» (Берілген тірек сөздерден әңгіме құрау)
    6.  Кім? Қайда? Қашан? (Галереяға саяхат)

Бағалау критерийлері

  1. Байқау барысында мыналар ескеріледі:
  • Қатысушының теориялық білімі.
  • Ой-тұжырымының логикасы мен образдылығы;
  • тақырыпты ашу тереңдігі;
  • зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
  • терминдердің мән-мағынасын ашуы;
  • өзін-өзі ұстау мәдениеті;
  • аудиторияға ықпал ете білуі;
  • тарихи деректерді жетік білуі, әдеби материалдарды пайдалану деңгейі;
  • жағдаяттан шыға алуы.
  1. Облыстық білім мекемелері (облыстық мектеп-интернаттар, гимназиялар, лицейлер) сұранысты ү.ж. сәуір айының 20-на дейін Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинетіне ұсынады.

Жеңімпаздарды марапаттау

Аудандық және қалалық кезеңдегі жеңімпаздарды анықтау мен қазылар алқасын ұйымдастыру білім бөлімдерінің Әдістемелік кабинеттеріне жүктеледі.

Әр кезеңнің жеңімпаздары дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталады.

 

Байқауды ұйымдастырушылармен байланыс: 8 (7122) 27-25-24, 8 701-636-80-49.