«Менің үздік сабағым – 2016» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер 

     «Менің үздік сабағым – 2016»  сырттай облыстық байқауын (бұдан әрі-байқау) «Атырау облыстық Білім беру  баскармасының Әдістемелік кабинеті» КМҚК  өткізеді

  1. Байқаудың мақсаты:

Байқау дарынды балаларға арналған және жалпы білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының шығармашылық әлеуетін көтеруге, озат тәжірибе таратуға арналған.

  1. Міндеттер:

– Педагог қызметкерлердің мәртебесі мен қызмет әрекетінің маңызын кеңінен насихаттау;

–  кәсіби  педагогикалық шығармашылықты ынталандыру;

-педагогтың әдістемелік шеберлігін шыңдау, оқу мен оқытудың озық әдістемесін насихаттау, тарату;

-педагогикалық қызметтегі инновациялық тәсілдерді қолдану үлгілерін анықтау және тарату;

 – педагогтардың сабақ берудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау;

 – оқу  сапасын арттыру, оқушының оқып- үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатын көрсете алатын педагогтардың озық тәжірибесін тарату;

 – байқауға қатысқан педагогтардың сабақ үлгілерін байқау материалдарының жинағына енгізу. 

  1. Байқауға тапсырылған сабақ жоспарларына қойылатын талаптар

–  Байқауға қатысушының өткізген жаңашыл сабағының жоспары.

–  Сабақ жоспарының инновациялық бағыттылығы.

–  Сабақтың ғылыми бағыттылығы.

–  Сабақта қосымша материалдардың қолданылуы.

–  Сабақ мазмұнының ашылуы.

–  Сабақта ақпараттық коммуникативтік технологиялардың қолданылуы. 

  1. Байқаудың бағыттары:

    1)  бастауыш мектеп;

    2)  жаратылыстану-математика   бағытындағы пәндер   (химия,     биология, география, экология, физика, математика, информатика, экономика);

    3) қоғамдық-гуманитарлық пәндер   (тіл, әдебиет, тарих, құқ)

    4) эстетикалық бағыттағы пәндер (бейнелеу өнері, музыка, дене тәрбиесі, технология) 

  1. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

– облыс аумағындағы тәрбие және білім беру мекемелерінде еңбек ететін барлық санаттағы педагог қызметкерлер  қатысады, қызметкерлердің еңбек өтіліне шектеу қойылмайды.

– байқаудың облыстық кезеңіне байқаудың аудандық (қалалық) кезеңінде жүлделі І, ІІ орын алған жұмыстар  ұсынылады.

– байқауға қатысуға үміткерлердің ұсынған жоспарлары қазылар алқасымен сарапталады.

– байқау қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған жұмыстар дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталады.       

         7.Жұмыстарды байқаудың облыстық кезеңіне ұсыну тәртібі

      Облыстық байқауға қатысу үшін құжаттар мен байқау материалдары қағаз және электронды нұсқада (электронды почта) 2016 жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш қалған жұмыстар қабылданбайды.

        Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылуы керек:

1) Қатысушы сұранысы (аты-жөні, тегі, жұмыс орны, лауазымы, педагогикалық өтілі, санаты,  мекен – жайы, телефоны);

 2) Байқау материалдарының талданып, мөрмен бекітілген хаттамасы ұсынылады.

 3)    Байқауға ұсынылған сабақ жоспары.

         Материалдар кері қайтарылмайды.

 

         8.Байқау жеңімпаздарын марапаттау

 9.1. Жүлделі орындар алған жеңімпаздар  дипломдармен, алғыс хаттармен  марапатталады, олардың  жұмыстары облыс көлемінде  тәжірибелік  таратуға ұсынылады. 

Ұйымдастырушы: Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинеті