«Менің Президентім» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

«Менің Президентім» байқауы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың туған күніне арналады. Конкурс Атырау облысындағы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында   өткізіледі. Байқаудың өту формасы – сырттай.

 Жалпы ереже

 1.1 Бұл ЕРЕЖЕ сырттай өткізілетін конкурсты өткізу тәртібі мен эссені іріктеу талаптарын анықтайды.  

1.2. Атырау облысындағы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары конкурсқа қатысуға шақырылады.  

1.3. Байқауды өткізу кезеңдері:

 І кезең –  қала (аудандық) –  (2016 жылдың 29 қарашасына дейін)

ІІ кезең – облыстық – (2016 жылдың 30 қарашасы)

 

  1. Байқауды ұйымдастырушылар

 2.1. «Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинеті» КМҚК байқаудың  ұйымдастыршысы болып табылады.

 2.2. І іріктеу (өңірлік) кезеңі қалалық (аудандық) деңгейде 2016 жылдың 29 қарашасына дейін өткізіледі.

Байқауға қатысқан жұмыстарды 2 кезеңге (облыстық) іріктеу және бағалау үшін аудандық білім бөлімдері жанынан конкурстық комиссия құрылады.

Қазылар алқасы үздік деп таныған  жұмыстарды облыстық Әдістемелік кабинетке 30 қарашаға дейін мына электронды мекенжайға orintai69@mail.ru  жібереді.

2.3.  Конкурстың ІІ кезеңі 2016 ж.  30 қарашасында облыстық деңгейде  өткізіледі.

2.4 Облыстық Әдістемелік кабинет анықтайтын тәуелсіз сарапшылардан тұратын конкурстық комиссия эссе-конкурсының жеңімпаздарын анықтайды.

2.5. байқаудың облыстық кезеңіне қатысу үшін әр өңірден 6 жұмыстан артық емес жұмыс қабылданады. Жұмыстар электрондық нұсқада электронды пошта арқылы қабылданады.

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеті

3.1. «Менің Президентім» байқауы оқушылардың бойында Елімізге деген патриоттық және ұлттық мақтаныш сезімін, ел Президентіне құрмет сезімін қалыптастыру, Н.Назарбаевтың еңбектерімен танысу мақсатында өткізіледі.  

3.2. Байқау міндеттері:

–          талантты оқушыларды табу, қолдау және дамыту;

–          оқушыларды биік адамгершілік нормалар мен патриоттық рухта, ұлтаралық келісім мен төзімділікке тәрбиелеу;

–          оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

 

  1. Эссені безендіру мен мазмұнына қойылатын талаптар

4.1 Конкурстық жұмыстың (эссе) негізгі тақырыбын сақтау, негізгі Ереженің  1.2 тармақшасында көрсетілген конкурстың тақырыптарының біріне сәйкес келуі керек.

4.2. Әрбір жұмыс қарау нәтижесі бойынша 10 балдық жүйемен бағаланады .

Эссе құрылымы:

–      тезис, эссе тақырыбына байланысты және оны негіздеп жазу қажет;

–      дәлелдер, тезисті негіздеп жазу (мысалдар, түсініктемелер, дәлелдер)

–      қорытынды тезис негізінде жазылады.

Эссеге қойылатын талаптар:

–  эссе конкурс тақырыбына сәйкес автордың көзқарасын танытуы қажет;

–   дәйексөз келтіру (1 немесе 3-тен көп емес) ережесін сақтай отырып, дәйексөз келтіруге болады: қазақ және орыс тілдерінің орфографиялық және пунктуациялық ережелерін сақтап жазу қажет.

–   эссе мәтіні Интернет-ресурстары материалдарымен сәйкес келіп жатса, жұмыс плагиат деп есептелініп 0 ұпаймен бағаланады.

Эссені бағалау критерийлері:

 

 Эссенің  байқау тақырыбына сәйкес келуі. 2 балл
Мағыналық тұтастығы, тілдік байланысы, тізбектей жеткізілуі. 2 балл
Ұсынылған эсселердің сауатты рәсімделуі, дәлелдер арқылы  қолдау табуы, түрлі көзқарастардың  келтірілуі, проблеманы өзіндік бағалауы болуы керек. 2 балл
Жұмыстың безендірілуінің негізгі талаптарға жауап беруі және цитаталарды қолдануы, қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стильдік  нормаларының сақталуы, мәтіннің орфографиялық және пунктуациялық ережелерін сақтап жазылуы. 3 балл
Жұмыстың академиялық стилі, өзіндік дербес ой-қорытындысының бар болуы. 3 балл

4.3. Байқауға қазақ, орыс  тілдерінде 2-5 беттен (А4 формат) тұратын жұмыстар (эссе) қабылданады.

 4.4. Мәтін MicrosoftWord редакторында терілу қажет, Шрифт- Times New Roman, кегль – 14, жоларалық интервалы – 1, теңестіру– ені бойынша, барлық жиек– 2 см. Әдебиеттердің дереккөз сілтемелері ортақ тізіммен, тік жақшамен мәтін соңында көрсетіледі. Әдебиеттерге жасалған сілтемелер ортақ тізіммен, дереккөз сілтемелері тік жақшамен мәтін соңында көрсетіледі.

 Дереккөздің безендірілуі: шрифт Times New Roman (Times Cyr немесе Times Kaz, KZ Times New Roman); кегль — 10; бірыңғай жоларалық интервал; шрифтің түсі – қара. 

Конкурстық жұмыстың безендірілуі мысалы:

Ұлы тұлға

(1 шегініс)

Атырау облысы, Атырау қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы № 11 орта мектептің 8А сынып оқушысы

Ахметов Сабыржан Маратұлы

sabyrgan@mail.ru

пікір беруші- Ы.Алтынсарин атындағы № 11орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.Р. Әмірина

(1 шегініс)

Эссе мәтіні

(1 шегініс)

Қолданылған  дереккөздер тізімі

 

  1. 5. Байқаудың қорытындысын шығару

 

5.1. 2016 ж.желтоқсан айының 2-інен кеш емес мерзімде конкурс комиссиясы қорытындысын шығарады.

5.2. Байқау жеңімпаздарына Дипломдар, Алғыс хаттар табысталады.

5.3.Үздік эсселер PDF форматында электронды жинақта Әдістемелік кабинеттің ресми сайтына орналастырылады.

Байланыс ақпараты:

Облыстық Әдістемелік кабинет, Атырау қ., Әйтеке би көшесі 22.

Тел.: 8-7122252713, е-mail: orintai69@mail.ru

 

Ұйымдастырушы: Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинеті