Махамбет аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті

  Қошқарбаева Сәнім Сағымпазқызәдістемелік кабинет меңгерушісі

 

 

 

 

 

Есеналиева Бибігүл Сәресқызы Бастауыш сыныптар жөніндегі әдіскер

 

 

 

 

 

 

 

Алмурзина Индира  Нұрланқызытәрбие жұмыстары жөніндегі әдіскер

 

 

 

 

 

Қабышева  Венера  Берікқызы – Жаңа  бағыттағы эксперименттік  жұмыстар  жөніндегі әдіскер

 

 

 

 

 

 

Ермекбаева Насиха Сырымбайқызы – Кітапхана қоры жөніндегі әдіскер

 

 

1

 

 

 

 

Қошқарбаева Сәнім Сағымпазқызы – Гуманитарлық пәндер бағыты бойынша әдіскер

 

 

 

 

 

 

Идрисова  Гүлфая  Хамиевна – Мектепке  дейінгі  оқыту  мен  тәрбие жөніндегі әдіскер

 

 

 

 

 

 

Камиев  Галим  Жолдасович- Спорт, дене  тәрбиесі және АӘД  әдіскері

 

Әдістемелік кабинеттің тақырыбы – «Жеке тұлғаны дамытуда оқыту  мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалана  отырып  педагогтердің кәсіптік шеберлігін арттыру»

Мақсаты:  Аудандағы  педагог  кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру;

–  Әдістемелік кеңестер мен пән бірлестіктерінің жұмысын жолға қою;

– Білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру;

– Пән кабинеттерін талапқа сай жабдықтау.

Міндеті: Облыстық білім беру басқармасы, «Өрлеу» облыстық кадрлар  біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институттан  мұғалімдер  білімін  анықтауға  арналған тест бағдарламалары  бойынша  айына 2 рет тест алып, анализ жасап төмендегі жұмыстарды  ұйымдастыру:  пән  мұғалімдерінің  кәсіби  олқылықтарын анықтау;

Жаңа педтехнологияларды игеруге байланысты семинарлар, оқулар  ұйымдастыру;

Білім жетілдіру курстарына жіберу, көшпелі курстар  ұйымдастырып, курстан кейінгі есебін тыңдауды дәстүрге айналдыру;

Педагог кадрлардың өз білімін көтеру жоспарларының орындалуын  ерекше қадағалауды – мұғалімдердің беделін көтеру ретінде қарастыру;

Мұғалім беделін арттыру, кәсіби шеберлігін дамыту, мамандардың өз ісіне жауапкершілігін көтеру мақсатында шығармашылықпен жұмыс  істейтін топтар құру, қолдау көрсету, озат тәжірибелерді  насихаттау;

Оқу – методикалық комплексінің әр мұғалімде, әр мектеп  кітапханасында  болуын  қамтамасыз  ету;

Пән бірлестіктерінің жұмысын жолға қоюға мектеп әкімшілігінің    ерекше назар аударуына қол жеткізу. Барлық пәндерден үлгі – тірек  мектептерін  ашу және оның нақты көмек бере алуын қамтамасыз ету.  Осы бағыттағы озат тәжірибелерді аудан ішінде брошюра, проспект (бүктеме), буклет арқылы  тарату;

Аудан педагогтерінің өз мамандықтарына сәйкес педагогикалық  басылымдармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру, оған бақылау – басшылық жасау;

Мектептердегі мұғалімдер арасында аудандық «Пәнді оқытуда жаңа  технологияны пайдалану» атты үздік шығармашылық жұмыстар  байқауын  өткізу.

Проблемалары: Аудандағы педагог кадрлардың кәсіби шеберлігін  арттыру;

– Әдістемелік кеңестер мен пән бірлестіктерінің жұмысын жолға қою;

– Білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру;

– Пән кабинеттерін талапқа сай жабдықтау.

Аудан бойынша жалпы мектеп саны – 17

Оның ішінде: бастауыш жоқ

Негізгі мектеп – 1

Орта мектеп  – 16

Мемлекеттік тілде  оқытылатын  мектептер саны – 14

Орыс және мемлекеттік тілдерде оқытылатын мектептер саны – 3

Мұғалімдердің жалпы саны – 835

Оның ішінде:

Жоғарғы санат –124

Бірінші санат – 194

Педагог-зерттеуші – 58

Педагог-сарапшы – 60

Санаты жоқтар – 399

Оқушылар контингенті – 6312