«Көзқарас: адам және қоғам» дебаттық турнирінің ЕРЕЖЕСІ

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинеті Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Көзқарас: адам және қоғам» дебаттық турнир (әрі қарай – турнир) өткізеді.

 Турнирдің мақсаты: жастар арасындағы құқықтық, және діни сауаттылықтың деңгейін арттыру, отандық білім жүйесіне саналы көзқарасқа, отаншылдыққа тәрбиелеу бағытындағы, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға үйрету.

 Турнирге қатысушылар категориясы: тарих, құқ, «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәндерінің мұғалімдері (1 адам). Турнирді өткізу барысында топ құрылады.

 Проблемалық мәселе: теріс діни ағымдар – қоғам үшін қауіпті

 Негізгі ережелер: шешендік, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық,  шындық, сыйластық.

         Турнирге қатысу шарты:

  1. Турнирдің қала, аудандық кезеңдері 10 қазанға дейін өтеді. Сұраныс 15 қазанға дейін orintai69@mail.ru электронды адресіне жолдануы тиіс.
  2. Турнирдің облыстық кезеңі 21 қазанда өтеді.
  3. Турнирге қатысушыларға сертификаттар беріледі.

 Турнирдің өтетін орны: Атырау қаласы №19 мектеп-гимназияның акт залы