“Жыл мұғалімі-2015”

«Жыл мұғалімі – 2015» облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

  1.Жалпы ереже:

«Жыл мұғалімі – 2015» байқауын (Әрі қарай – Байқау) ұйымдастырушы Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинеті.

  1. Байқаудың мақсаты:

– шығармашылықпен жұмыс істейтін, рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетті игерген, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгерген, жан-жақты дамыған, балалар мен жасөспірімдер тәлімгері, жоғары интеллектуалды деңгейдегі дарынды ұстаздарды анықтау.

3.Байқаудың міндеттері:

– педагог мамандығының мәртебесін көтеру;

– педагог қызметкерлердің белсенділігін, креативтігін, жаңашылдығын, шығармашылық ізденісін  ынталандыру;

– оқыту мен тәрбиелеудің, ынтымақтастық пен бірлестік жағдайын тудыратын, жаңа тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау;

–  тиімді педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату;

4.Байқауға қатысушылар: байқау облыстың білім ұйымдары педагогтары арасында (еңбек өтілі 5 жылдан кем емес) өткізіледі.

  1. Байқау кезеңдері:

І кезең – таңдау-сараптау (мектепішілік)

ІІ кезең –қала, аудандық.  Нәтижесі облыстық деңгейге ұсынылады.

ІІІ кезең облыстық – 27 сәуір 2015 жыл.

 Байқау материалдары Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинетінде қабылданады.

Мекен-жайы: Атырау қаласы. Әйтеке би көшесі, 22.

Ұйымдастыру комитетіне 21 сәуірге дейін келесі  құжаттар тапсырылады:

  СҰРАНЫС БЕТШЕСІ

мектеп Аты-жөні(толық) Пән Білімі Санаты Еңбек өтілі  телефон

 Қатысушының бір сабағының жоспары (қайталау сабағы болмауы керек);

 портфлио;

 қатысушының жанрлық фотолары (балалар, ата-аналар, әріптестерімен жұмыс үстінде)  электрондық вариантта (компакт-диск);

 Видеоролик түріндегі  сабағы (20 минут);

Байқау кезеңі тапсырмаларының  мазмұны:

 педагогтың теориялық  білім деңгейі және профессионалдық құзырлығының қалыптасуын келесі бағыттар бойынша  анықтау:

  • креативтік, педагогтың жалпы эрудициясы;
  • рефлексиялы –сараптамалық жұмысты жүргізе білуі және жүйенің перспективалық дамуын жобалай алуы;
  • жеке тұлғаға бағытталған құзырлықтық, жүйелілік, денсаулық сақтау шараларын жүзеге асыра отырып, қажеттілік жағдайында заманауи сабақты, сабақтан тыс жұмыстарды жоспарлай және жобалай білуі;

Бетпе-бет кезеңі:

  1. Тұсаукесер (Қатысушының өзін-өзі таныстыруы)(5 минут)
  2. Баспасөз конференциясы: (45 минут)

Қатысушылар баспасөз конференциясына қатысып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

  1. Шығармашылық жұмысын қорғау. (5-7 минут)

 Бағалау критериялары:

  – жүйенің маңызды-көкейтестілігі және болжамшылдығы — қазіргі және болашақтағы мектеп мәселелерін шеше білу жолдарын анықтай білуі;

  – жүйенің рационалдығы және шынайлығы — шешілмек мәселелер бойынша тиімді нәтижеге жете алатын мақсаттар мен жолдарды анықтай алуы;

– жүйенің толықтығы —мақсатқа жету жолына қажетті істе мен мазмұнның толықтылығы, сондай-ақ өзара келісілімділігі;

– жүйенің  тиімділігі және нәтижелілігі;

– материалды жеткізу логикасы және мақсаттылығы;

  1. Педагогикалық, психологиялық және нормативтік құжаттар бойынша тапсырмалар (билет сұрақтарына жауап).
  2. Практикалық сабағының үлгісі (15-20 минут)
  3. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау

 – Жүлделі орындар алған жеңімпаздар (тәрбие және білім беру ұйымдарында еңбек өтілі 5 жылдан кем емес)  облыстық білім беру басқармасы Әдістемелік кабинетінің «Жыл мұғалімі – 2015» атағымен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, Алғыс хаттармен  марапатталады, олардың  жұмыстарын облыс көлемінде  практикаға енгізуге ұсынады.

– Байқау құрылтайшылары, демеушілер мен басқа да ұйымдар конкурс жеңімпаздары мен лауреаттарына жеке өзіндік сыйлықтар табыс ете алады.

  1. Байқауды қаржыландыру

           Байқауға қатысушылардың іс сапар шығындарын жіберуші мекемелер төлейді.