«Жас құқықтанушы» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

         Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинеті Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Жас құқықтанушы» облыстық байқауын (әрі қарай – Байқау) өткізеді.

         Байқаудың мақсаты: жастар арасындағы құқықтық сауаттылықтың деңгейін арттыру, білім алушыларды білімге саналы көзқарасқа, отаншылдыққа, құқық бұзушылықтың алдын алуға тәрбиелеу.

          Байқаудың міндеттері:

– Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сынсәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу;

– оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шындау;

– Конституцияның, т.б. құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

          Байқауға қатысушылар категориясы: 9 -10 сынып оқушылары.

          Байқаудың кезеңдері:

  1. «Бәйге» кезеңі (Жазбаша тур. Тест сұрақтарына жауап беріледі: 10 сұрақ). 20 минут.
  2. «Шынығу» кезеңі (Абвериатураларды шешу. Әр оқушыға бір тапсырма беріледі). Шешуге 2 минут беріледі.
  3. «Өз құқығыңды біл» кезеңі (Бала құқығы тақырыптары бойынша сұрақтар беріледі).
  4. «Ойды аяқта» кезеңі (жазбаша тур).
  5. «Тарих тереңіне үңілсек» кезеңі (жазбаша тур).
  6. «Менің ойым» Эссе кезеңі (жазбаша тур).
  7. «Құжатты тани біл» кезеңі (жазбаша тур).
  8. «Біліміңді көрсет» кезеңі (жалпы құқық бойынша сұрақтар беріледі).
  9. «Құқық қорғаушылар» кезеңі (Шешендік. Бір тақырып беріліп, қорғалады.)

             Байқауға қатысу шарты:

  1. Қала, аудандарда өткен байқау кезеңінде 1,2 (2 оқушы) орын алған оқушылар қатысады.
  2. Байқаудың қала, аудандық кезеңдері 30 қыркүйекке дейін өтеді. Сұраныс 3 қазанға дейін orintai69@mail.ru электронды адресіне жолдануы тиіс.
  3. Байқаудың облыстық кезеңі 7 қазанда өтеді.
  4. Байқауға қатысушылар Дипломдармен марапатталады.

Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды.