«Ең үздік авторлық бағдарлама» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

        Жалпы ережелер

1.1. «Авторлық бағдарлама» жобалары облыстық байқауын (бұдан әрі-байқау) Атырау облыстық Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинеті өткізеді

1.2. Байқау дарынды балаларға арналған және жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларына, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының студенттеріне, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілеріне білім беру мазмұнын жетілдіруге  жәрдемдесуге  арналады.

2 . Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

2.1. Білім беру ұйымдарының талантты, шығармашылықпен айналысатын педагогтерін анықтау және қолдау;

2.2. Мұғалімдердің зерттеу және авторлық бастамаларының дамуына ықпал ету;

2.3. Дарынды балаларға білім берудің мазмұнын жетілдірудегі инновациялық идеяларды жинақтау және тарату;

2.4. Педагогтердің еңбегін ынталандыру мен бағалаудың тиімді және әділ жүйесін жасау;

2.5. Мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық пікір алмасуын ұйымдастыру;

  1. Байқауға қатысушылар

3.1. Байқауға педагогикалық өтілі 5 жылдан кем емес дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің және жалпы білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының педагогтері  қатыса алады.

3.2. Сайыскерлерді облыстық байқауға ұсыну

– өзін-өзі ұсыну жолымен;

– мектептің педагогикалық ұжымымен;

– білім беру бөлімімен жүзеге асырылады.

  1. Байқаудың мазмұны мен өткізу нысандары

4.1. Байқауға дарынды балаларға арналған гимназиялардың, лицейлердің, мамандандырылған мектептердің, жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік-техникалық білім беру мекемелеріндегі оқу жоспарларының вариативті компонентіндегі  жекелеген пәндер, курстар бойынша оқу-әдістемелік кешендер, оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдар мен ұсынбалар, дидактикалық материалдар, білімді, іскерлікті, дағдыны бақылауға арналған  тестілер:

1) таңдау бойынша сабақтардан;

2)  факультативтерден;

3)  бейіндік пәндерден;

4)  қолданбалы курстардан;

5) таңдау бойынша курстардан;

6)  арнайы курстардан ұсынылады.

4.2.  Байқау мынадай бағыттар бойынша өткізіледі:

1)  бастауыш мектеп, тәрбие жұмысы және психологиялық қызмет;

2)  ғылыми-жаратылыстану   пәндері (химия,  биология, география, экология);

3) физика-математика бағытының пәндері (математика, физика, информатика)

4) қоғамдық-гуманитарлық пәндер  (тіл, әдебиет, тарих, құқ)

5) эстетикалық бағыттағы пәндер (бейнелеу өнері, музыка, дене тәрбиесі, технология)

6) техникалық және кәсіптік білім беру бағыты;

7) мектепке дейінгі білім беру және тәрбие бағыты;

4.3. Ұсынылған жобаның  бір сабағының бейнематериалы болуы  қажет.

4.4. Материалдар қағаз және электрондық тасымалдаушылармен тапсырылуы керек.

4.5. Байқауды өткізудің мынадай кезеңдері  белгіленеді:

I кезең –  барлық білім беру ұйымдарында

II кезең – қалалық, аудандық

III  кезең – облыстық

ІV кезең – республикалық

4.6. Байқаудың  I, II  кезеңдері жергілікті жерде белгіленген  тәртіпке сәйкес өткізіледі.

4.7. Тиісті әкімшіліктер, білім беруді басқару органдары, біліктілікті арттыру институттары, демеушілер Байқаудың құрылтайшылары бола алады.

4.8. Байқауға әрбір ауданнан (қаладан), облыстық білім беру мекемелерінен  ең үздік деген 5-10 жоба жіберіледі.

5 . Байқау  құжаттарына қойылатын талаптар

5.1. Әзірленген  құжаттың құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

– түсініктеме жазба,

– мазмұндық бөлігі,

– нормативтік бөлігі,

– ақпараттық-әдістемелік бөлігі.

Түсініктеме жазба мәтінінің негізгі құрылымдық элементтері мыналар болып табылады: оқу пәнінің (курстың) мақсаттары мен міндеттерін ашу; ұсынылған құжаттың жасалу негізі; оның бірізділігін жасаудағы жалпы  логикасы және мазмұнын іріктеу негіздемесі; оқу процесінің жалпы сипаттамалары, нысандары, жұмыс әдістері, құралдары; құжатты жүзеге асыратын инновациялық педагогикалық технологиялар; осы жобаның қазіргі бар құжаттардан айырмашылығы, ерекшелігі, түпнұсқалылығы неде, осы құжатқа енгізілген жаңалықтарды түсіндіру; құжаттың мәтініне техникалық нұсқаулар беру.

Құжаттың негізгі құрылымдық бөлігі – мазмұндық, тұжырымдық бөлігінде оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы, бөлімдер мазмұнының көлемі, оқу пәнінің (курстың) көрсетілген материалдарының ең төменгі міндетті меңгерілу деңгейі толық және нақты ашық көрсетілетін құжат мәтіні беріледі.

Құжаттың нормативтік бөлігіне жекелеген тақырыптарды және бөлімдерді оқытуға бөлінген сағаттары және жеке “Білім, іскерлік, дағдыларға қойылатын  талаптар” тарауы жатады.

Оқыту, тәрбиелеу және дамыту нәтижелеріне қойылатын талаптарды дайындауда мыналарға:

  • оқытудың мақсаттары білім беру мазмұнының қандай объектілерінде, қалай, қандай жолдармен нақтылануын ашып беретін оқу пәнін, (курсын) бүге-шігесіне дейін жазуға;
  • әрбір нәтижесі оқушылардың тиісті іс-әрекеттерінде көрінетін оқытудың іс-әрекеттік тәсілдеріне;
  • оқушылардың нақты білім алу мүмкіндіктерін, жас ерекшеліктерін және олардың даму, білімділік және тәрбиелік деңгейлерін ескеру қажеттігін талап ететін  жеке тұлғалық тәсілге сүйену керек.

Құжаттың ақпараттық-әдістемелік бөлігі мынадай айдарларды қамтиды:

– Пәнаралық байланыс;

– Оқушылардың іскерліктері мен біліктерін бағалауға арналған нұсқаулықтар;

– Пән  (курс)  бойынша оқу-әдістемелік кешеннің тізбесі;

–  Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі;

5.2. Құжат MS Word текстік редакторында Times New Roman шрифтімен (әр жолдың аралығы бірыңғай, шрифтің көлемі 14, шет сызығы 25 мм) болуы керек.

  1. Ұйымдастыру комитеті

6.1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады, оның міндеттеріне байқау кезеңдерін өткізуде келісілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру және байқауға ұсынылған материалдарды бағалау өлшемдерін  әзірлеу кіреді.

6.2. Ұйымдастыру комитеті Байқауды өткізу тәртібін, нысандарын, орны мен өткізу мерзімін анықтайды, қатысушылар тізімін және қазылар алқасының құрамын ұсынады.

6.3. Білім беру, ғылыми, әдістемелік мекемелердің, шығармашылық одақтар мен орталықтардың өкілдері кіретін ұйымдастыру комитетінің құрамы облыстық білім беру басқармасы бастығының бұйрығымен бекітіледі.

  1. Байқаудың қазылар алқасы

7.1. Білім беру, ғылыми, әдістемелік мекемелердің, шығармашылық одақтар мен орталықтардың өкілдері кіретін қазылар алқасының құрамы облыстық білім беру басқармасы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

7.2. Қазылар алқасы Байқауға ұсынылған жұмыстарға сараптама жасайды және ресімделу сапасын, мазмұнын, шығармашылық жұмысын, біліктілігін, алынған  тақырыптың көкейкестілігі мен дәйектілігін, идеясын,  ой-өрісін  бағалайды.

8.Ұйымдастыру  комитетіне құжаттар ұсыну тәртібі

8.1. Облыстық байқауға қатысу үшін құжаттар 2015 жылғы 25-ші сәуірге дейін қабылданып, сараптаудан өткізіледі. Көрсетілген мерзімнен кеш қалған құжаттар тіркеуге алынбайды.

8.2. Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылуы керек:

1) қатысушы туралы мәліметтер көрсетілген сұраныс (аты-жөні, тегі, жұмыс орны, лауазымы, педагогикалық өтілі, санаты, мадақтаулары, мекенжайы, телефоны, байқауға ұсынылатын материалдың атауы, мектептің оқу жоспарына құжатты енгізу мерзімі, ұсынылған материал бойынша басылымдардың болуы, осы материалдың әртүрлі деңгейдегі бұрынғы шараларға қатысуы);

2) Байқау материалдары Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинетінде қабылданады.

3)   Байқау материалы кері қайтарылмайды.

 9.Байқау жеңімпаздарын марапаттау

9.1. Жүлделі орын алған жеңімпаздар (білім беру және ғылыми ұйымдарында еңбек өтілі 5 жылдан кем емес)  Облыстық білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, Алғыс хаттармен  марапатталады, олардың  жұмыстарын облыс көлемінде  практикаға енгізуге ұсынады.

9.2. Байқау құрылтайшылары, демеушілер мен басқа да ұйымдар конкурс жеңімпаздары мен лауреаттарына жеке өзіндік сыйлықтар табыс ете алады.

  1. Байқауды қаржыландыру

10.1.Байқауға қатысушылардың іссапар шығындарын жіберуші мекемелер төлейді.