«Білім ұясы: Мектепке дейінгі ұйымның ең үздік тәрбиешісі» облыстық конкурсының ережесі

2016 жылдың 14 қазанында Атырау қаласындағы №28 «Алмагүл» балабақшасының базасында «Білім ұясы: Мектепке дейінгі ұйымның ең үздік тәрбиешісі» облыстық конкурсы өтеді.

 ЕРЕЖЕСІ

 «Білім ұясы»: Мектепке дейінгі ұйымның ең үздік тәрбиешісі» облыстық конкурсының (одан әрі – Конкурс) Атырау облысының Білім беру басқармасы үш жылда бір рет өткізеді.

Ереже «Білім ұясы: Мектепке дейінгі ұйымның ең үздік тәрбиешісі» облыстық конкурсының өткізу тәртібін және талабын анықтайды.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері

 Конкурстың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдар педагогтары қызметінің ең үздік үлгісін анықтау және көптің назарына ұсыну жолымен жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдардың, сонымен қатар қоғамның мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың өзекті мәселелеріне назарын аудару, тәрбиеші мамандығының мәртебесін көтеру.

Конкурстың негізгі міндеттері:

  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің талантты, шығармашыл педагогтарының белсенділігін арттыру және қолдау;
  • Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуда, алдыңғы қатарлы тиімді оқыту технологияларын іс жүзінде қолдануда педагог қызметкерлердің шығармашылық ынтасын дамыту;
  • Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге және арттыруға, озат іс-тәжірибелерді таратуға ықпал ету;
  • Педагогтардың мектепке дейінгі ұйымды дамытудағы жеке үлесін, олардың кәсіптік қызметінің озат үлгісін ынталандыру;
  • Мектепке дейінгі ұйым педагогының қоғамдағы кәсіби құзіреттілігі және әлеуметтік мәртебесін көтеру.

Конкурсқа қатысушылар

 Конкурсқа меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық типтегі мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтық өтілі 3 жылдан кем емес педагог қызметкерлері қатыса алады.

  1. Байқауға қатысатын үміткерлерді ұсыну тәртібі: жеке тұлға, білім ұйымы, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсты ұйымдастыру

Конкурсты өткізудің мынадай кезеңдері мен мерзімдері белгіленеді:

1 – кезең – барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында

2 – кезең – аудандық, қалалық;

3 – кезең – облыстық.

 Конкурстың мазмұны

 Конкурстың барлық кезеңдерінде қазылар алқасы конкурсқа қатысушының қызметін мынадай бағыттар бойынша бағалайды:

  1. Кәсіби шеберлігі мен жеке қасиеттері (шығармашылығы, сезімталдығы, тапқырлығы, ұйымдастыру және қарым-қатынас жасай білу қасиеті, еркі, өзін-өзі ұйымдастыра білуі, белсенділігі).
  2. Тәрбиешінің жұмыс жүйесі, жеке (дифференцированный) оқытуды қамтамасыз ету, біріккен (интегрированный) сабақтарды жүргізе білу, жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешу.
  3. Конкурсқа қатысушының өзіне тән жеке тұлғалық ерекшелігі (даралығы, қайталанбастығы, қоршаған ортамен терең де рухани, жеке тұлғалық дәрежеде қарым-қатынас жасай білуі).
  4. Педагогикалық қызметінің тиімділігі мен нәтижелігі мынадай көрсеткіштер бойынша қорытындыланады:
  • ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің сапалылығы және мазмұнының стандарт талаптарына  сәйкестілігі;
  • оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесін меңгеру деңгейі;
  • педагогикалық дайындығы;
  • әлеуметтік-психологиялық дайындығы;
  • адамгершілік-эстетикалық қасиеттері; педагогикалық ізет;
  • логикалық тапқырлығы және педагогикалық дүниетанымы;
  • қарым-қатынас және сөйлеу мәдениеті;
  • педагогикалық шеберлігінің қалыптасуы;
  • педагогтың шығармашылық өсуге, еңбекке деген қарым-қатынасы, біліктілігін үздіксіз арттыру, педагогтың әдістемелік үлесі.

 Конкурсқа құжаттар ұсынудың тәртібі

 Конкурсқа қатысушыларды тіркеу үшін облыстық конкурсты ұйымдастыру комитетіне мынадай құжаттар ұсынылады:

  • Сұраныс;
  • Конкурсқа қатысушы туралы ақпарат;
  • Білім мекемесі басшысының қолы қойылған кәсіби және жеке тұлғаның қасиеті көрсетілген мінездеме;
  • Қалалық, аудандық кезеңін өткізу қорытындысы туралы қалалық, аудандық білім бөлімінң бұйрығы;
  • Конкурсқа қатысушының жұмыс жүйесі туралы бейне материалдар:

(дамытушы ортаның рөлін көрсету міндетті) – 5-7 минуттан аспау қажет (жіберілген материал сырттай қаралады).

  1. Барлық материалдар облыстық Әдістемелік кабинетіне 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін тапсырылады.
  2. Материалдар «Білім ұясы: Мектепке дейінгі ұйымның ең үздік тәрбиешісі» конкурсына деген белгімен рет-ретімен жинақталып, компакт-диск немесе флешка жалғанып тапсырылады.
  3. Көрсетілген мерзімнен кешіккен, сонымен қатар, рәсімделу тәртібін сақтамаған материалдар қаралмайды. Материалдар қайтарылмайды және пікір жазылмайды.
  4. Ұйымдастыру комитеті конкурсқа ұсынылған материалдарды қатысушының жазбаша келісімімен коммерциялық емес мақсатқа (ресми сайтқа, педагогикалық басылымдарға жариялау, т.б.) пайдалануға құқылы.

 Конкурс 5 бөлімнен тұрады:

 1 – бөлім – «Шығармашылық  тұсаукесер» (тәрбиеші өзінің шығармашылығын портфолио арқылы таныстыру) (5 минут);

          Бағалауы:

  • мазмұндылығы;
  • шығармашылығы;
  • тәрбиешінің педагогикалық қызметі туралы талдау есебі;
  • эстетикалық талғамға сай болуы;
  • жұмыс формасының тиімділігі.

«Творческая презентация» (знакомство с творчеством воспитателя через раскрытие портфолио) (5 минут)

Оцениваются:

  • содержательность;
  • творческий подход;
  • аналитический отчет участника конкурса о своей педагогической деятельности;
  • эстетичность офрмления;
  • эфективная форма работы.

2 – бөлім «Мен – қазіргі заман педагогімін»  тақырыбында эссе (5 минут);

Бағалауы:

  • мазмұндылығы;
  • идеяның жаңашылдығы;
  • тәрбиелеу және оқыту талаптарына сәйкестігі;
  • ерекшелігі.

Эссе на тему: «Я – современный педагог»

 Оцениваются:

  • содержательность;
  • новизна идеи;
  • соотвествие требованиям воспитания и обучение;
  • оригинальность.

3 – бөлім – «Балабақша және отбасы» (Отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру; педагогикалық сырсандық, жеке әңгімелесу, отбасылық кештер, танымдық викториналық ойындар, көрме, тренинг, пікірталас клубы, отбасына бару) (үй тапсырмасы) (10 минут);

Бағалауы:

  • тақырып таңдауы;
  • тақырыпты аша білуі;
  • жұмыс формасының нақтылығы;
  • қол жетімділігі.

«Детский сад и семья» (организация работы с родителями, педагогический сундучок, индивидуальная беседа, семейные вечера, познавательная викторина, выставка, тренинг, клуб дискуссий, посещение на дому) (домашнее задание) (10 минут)

Оцениваются:

  • выбор формы работы;
  • раскрытие темы;
  • содержательность формы работы;
  • доступность.

4 – бөлім – Понарамалық сабақ – электронды және баспа түрінде (7 минут);

Бағалауы:

  • мазмұндылығы;
  • жаңашылдығы;
  • ерекшелігі
  • әдіс-тәсілдерге сәйкестігі;
  • АКТ, жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдердің қолданылу тиімділігі.

Панорамное занятие – в электронном и в бумажном виде (7 минут)

Оцениваются:

  • содержательность;
  • новизна идеи;
  • оригинальность;
  • соответствие методам и приемам;
  • использование ИКТ, новые технологии и методики.

 5 – бөлім – Педагогикалық – психологиялық, әдістемелік тест (20 минут).

Мақсаты: педагогика-психология және оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелердің білімдерін көрсету.

Тесты по методике, педагогике – психологии

Цель: показать знания по педагогике-психологии, методы воспитания и обучения.